18.07.2008, 16:33 1088

Семейде болған құйыннан кейін көптеген қала тұрғындары өз баспаналарын бюджет есебінен жөндеп алмақшы болған

Семейде болған құйыннан кейін көптеген қала тұрғындары өз баспаналарын бюджет есебінен жөндеп алмақшы болған

Семей. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Семейде болған құйыннан кейін көптеген қала тұрғындары өз баспаналарын бюджет есебінен жөндеп алмақшы болған. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында Семейдің төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Марат Дүкенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, 6 шілдеде болған құйыннан кейін басқармаға қирандылар жайында 50 арыз келіп түскен. Олардың 13-і расталмады. Қалалықтар бюджет қаражаты есебінен өз шатырларын жөндеп алуды көздеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны