03.06.2008, 11:54 1389

Семейде электр қуатының ауық-ауық өшірілуі перинаталдық орталықтың жұмысына кедергі келтірді

Семейде электр қуатының ауық-ауық өшірілуі перинаталдық орталықтың жұмысына кедергі келтірді

Семей. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семейде электр қуатының ауық-ауық өшірілуі перинаталды орталықтың жұмысын бұзды. Бұл туралы перинаталдық орталықтың балалар бөлімінің меңгерушісі Татьяна Петрова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шала туған балалар бөлімінде 10 нәресте бар. Электр қуаты ауық-ауық өшіріле бастағанда барлық жұмыс тоқтап қалады, яғни төтенше жағдай туындайды, өйткені шала туған балалардың жанын сақтау үшін жылу керек. Электр қуаты өшірілгендіктен, жас нәрестелер жатқан кювездердің жұмыс істеуі де тоқтайды. Яғни нәрестелердің денесінен жылу кете бастайды, бұның арты өлімге апаруы мүмкін", -деп түсіндірді Т. Петрова.

"Біз шала туған балаларды жылыту үшін көрпелерді , жылытқыштарды іздеп әлек боламыз", - дейді дәрігер.

"Егер бала ауыр халде болса, оның өкпесіне вентиляция жасау керек, ал электр қуаты болмаған жағдайда ол өліп кетуі мүмкін. Электр қуаты өшірілгенде үш нәресте реанимация бөлімінде жатқан. Оның біреуіне фототерапия жасалып, дозатор арқылы дәрі-дәрмек егілген болатын. Соның салдарынан барлық ем-дом тоқтатылып, оның бәрі балаларға кері әсерін тигізіп жатыр", - деді Т. Петрова.

"Электр қуатынан басқа ыстық және суық су өшіріледі. Өйткені, үнемі қолды жуу керек, санитарлық тазалық режимі бұзылады, кейде суды алу үшін құдыққа жүгіру керек, басқа амал жоқ ...", -деп хабарлады бөлім меңгерушісі.

"Операциялар мен босандыру кезінде электр қуаты өшірілген кезде, біз оларды май шамды пайдаланылу арқылы аяқтаймыз", - деп толықтырды Т. Петрова.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысында "KEGOC" АҚ алдында қарыздарын өтемегені үшін "Шығысэнерготрейд" ЖШС электр қуатымен қамтамасыз ету көлеміне шектеу қойды.

Компания техникалық операторға 200 млн теңге мөлшерінде қарыз. Ал "Шығысэнерготрейд" ЖШС айтуынша шығынды тарифтердің белгіленуінен берешек пайда болған. Электр қуатымен қамтамасыз ету компаниясы табиғи монополияларды реттеу агенттігіне тарифтерді көтеру жөнінде төрт рет өтініш тапсырған, бірақ басқармадағылар оны бекітпеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны