06.07.2007, 15:40 3459

Семейде Ертістің сол жақ жағалауында тазарту құрылғыларының құрылысын салу сөзбұйдаға салынуда

СЕМЕЙ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Семейде Ертістің сол жақ жағалауында тазарту құрылғыларының құрылысын салу сөзбұйдаға салынуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей өңірі бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аймақтық басқармасының мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы Владимир Тюрин хабарлады.

Оның айтуынша, 2007 жылы республикалық бюджеттен тазарту құрылғыларын салуға 150 млн теңге қарастырылған. "Алайда, бүгінгі күнге дейін тендер өткізілген жоқ, мердігер айқындалмаған. Яғни, жұмыстар басталған жоқ", - деді В. Тюрин. Ал нысан 2008-жылы пайдалануға берілуге тиіс.

Ертістің ластану деңгейіне тоқталған В. Тюриннің айтуынша, судың химиялық құрамы өткен жылғымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Қаладағы кәсіпорындардың ағызынды суларды жіберу деңгейі бұрынғы күйінде қалған, ал ауаны ластаушы заттардың көлемі тіпті азайған. "Бұл "Семей Су" зауытының жұмысы тоқтатылуға байланысты. Қазіргі жағдаймен "Семейводоканал" ҚКК, "ЭкоСемей"ЖШС мен Курчатовтық көпсалалы кәсіпорындар жіберетін ағызынды сулар негізінен ластаушы фактор", - деді В. Тюрин.

Оның айтуынша, ағызынды су жіберудің белгіленген нормативін бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынады. "Мәселен, Водоканал былтыр 130 мың теңгенің айыппұлын төледі. Биыл ол тағы да осы көлемде айыппұл төлеуге мәжбүр болмақ", - деді В. Тюрин. "Ахуалды сол жақ жағалаудағы тазарту құрылғылары біршама жақсарта түсер еді, алайда, бұл жайында сөз қозғау әзірге ерте", - деді ол.

Тазарту құрылғыларыныың құрылысы 1994 жылы басталған, алайда, қаржы тапшылығына байланысты бұл жұмыстар кейін тоқтатылды. 2002-жылы нысан қайтадан тұрғызыла бастады. Содан бері 1 млрд теңге игерілген. Қазір мердігердің тағайындалуын күтуге байланысты жұмыстар тоқтап тұр.

Ертістің, ең бастысы, су бассейні бойынша көршілердің экологиялық ахуалы тазарту құрылғыларының қалыпты жұмысына байланысты, деді В. Тюрин. "Ертіс - трансшекаралық өзен. Оның бойында Курчатов, Павлодар, Ресей орналасқан, олар суды ашық қордан алып пайдалануда. "Қазіргі жағдаймен бізде табиғи тазарту құрылғысы жұмыс істейді, оның жұмысы мүлдем тиімсіз. Ал жаңасы тәулігіне 150 текше метр суды өңдеуге мүмкіндік береді, ал қазіргі қуат 90 текше метр", - деді маман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны