04.04.2007, 16:33 3628

Семейде ескі үйлерді бұзу жөніндегі бағдарлама басталды

СЕМЕЙ. 4 - сәуір. Kazakhstan Today. Семейде ескі үйлерді бұзу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қаласының бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, бұл жұмыс Семейдің құрылыс салу жөніндегі бас жоспарына енгізілген өзгертулерге сәйкес жүргізіліп жатыр. "Бас жоспарға сәйкес Семейдің "Татарский край", "Казахский край", "Лодочная", "Водный" сияқты аудандарындағы ескі үйлер бұзылады. Олардың орнына жаңа тұрғын үйлер саламыз",- деді Қ. Қоқиланов.

Қала тұрғындары мен маңайдағы ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қ. Қоқилановтың айтуынша, "Холодный ключ" ықшамауданында 2007 жылы 35 мың пәтерлі тұрғын үй салынады. Сондай-ақ қала маңындағы Степной ауылында "Шалқар" ықшамауданы қалпына келтіріліп, 25 мың адам орналастырылады.

Сонымен қатар, Қ. Қоқиланов қаланың бас жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап Семейдің әрбір тұрғынына 10 соттық жер берілетіндігін хабарлады. "Ол үшін жылжымайтын мүлік агенттігі мен жер комитетінен тұрғын үйі жоқ деген анықтама алу қажет. Жер тегін бөлінеді",- деп қорытындылады қаланың бас сәулетшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны