08.01.2007, 20:18 3336

Семейде гепатит вирусы өршіген жоқ - қалалық денсаулық сақтау бөлімі

СЕМЕЙ. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Семей қаласының денсаулық сақтау бөлімінің басшылары қаладағы А түріндегі гепатит вирусының таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Семейде А түріндегі гепатит вирусының шығуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде жоққа шығаруға мәжбүрмін",- деп мәлім етті бүгінгі баспасөз мәслихатында Семейдің қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Төлеухан Нұрмағанбетов. "Ол (дақпырт сөз) бұл ахуалды клиникалық дәрігер ретінде субъективті түрде бағалаған клиникалық дәрігерлердің ақпараты ретінде беріліп отыр. Аурудың шығуы туралы мәселе мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандары тарапынан немесе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан түсіндірілуі тиіс",- деді Т. Нұрмағамбетов.

"Мен облыстық денсаулық сақтау бөлімінің өкілі ретінде бұл індеттің өршімегендігін мәлімдеймін. Аталмыш аурудың соңғы сегіз жылда болмаған диффузиялық өсуі мүмкін деген болжам жасалуда. Бұл өсу Қазақстан бойынша байқалған жалпы өсу деңгейімен салыстырғанда ешқандай өзгеше емес. Қазіргі уақытта бізде осы диагноз бойынша алғашқы 40 науқас тіркелді",- деді Т. Нұрмағамбетов. Алғашқы 40 науқастың 30 пайызға жуығы мектеп оқушылары, 30 пайызы қызмет істейтіндер үлесінде, ал 33 пайыздайы студенттер.

Қазіргі уақытта ауруханада 25 адам емделуде, олардың 18-і ересек адамдар, ал жетеуі балалар. "Ауруханаға жатқызу және емдеуге қатысты проблемалар болған емес және болмайды. Тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде",- деді Т. Нұрмағамбетов.

Сонымен қатар, ол "айтарлықтай біртұтас індет ошағының, ондай аумақтың анықталмағандығын, індеттің жаппай етек алуы туралы мәселенің туындамағандығын", хабарлады. "Мұның себебі, соңғы сегіз жылда Қазақстан халқының, соның ішінде Семей тұрғындарының гепатит вирусымен, көбінесе А түріндегі гепатитпен науқастану деңгейінің тұрақты түрде төмендеуіне байланысты болуы мүмкін",- деп санайды Т. Нұрмағамбетов. Бұл ахуал бақылауға алынуда және реттелуде, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны