05.01.2007, 14:18 3310

Семейде гепатиттің А түрі тіркеліп, 60 адам ауруханаға жатқызылды

СЕМЕЙ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде гепатиттің А түрі тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семейдің балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше бастығы Фарида Кабдуллина хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында 60-тан астам семейлік емделуде. Олардың 45-і 25-35 жас аралығындағы азаматтар және 10-ы балабақша және мектеп жасындағы балалар. "Бұл вирус әрбір 5-7 жыл сайын бас көтеріп тұрады. Алдағы екі жылда гепатиттің етек алу қаупі бар",- деді Ф. Кабдуллина.

"Қазір науқастар өз ауруларын асқындырып барып келуде, әсіресе бұл жасы үлкен адамдарға ауыр тиеді", - деді ол.

Ф. Кабдуллинаның сөзіне сүйенсек, гепатиттің А түрі - бұл ішек індеті, ол кәдімгі тұмау сияқты басталады. "Температура көтеріліп, бас ауырады, тіптен адам лоқсуы да мүмкін. Сосын сарғая бастайды"- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны