15.08.2008, 10:10 1504

Семейде ішімдіктен улану көлемінің артуы байқалады

Семейде ішімдіктен улану көлемінің артуы байқалады

Семей. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде ішімдіктен улану көлемінің артуы байқалады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Медициналық жедел жәрдем" станциясына сілтеме жасай отырып.

Дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, соңғы тәуліктерде 16 улану дерегі тіркелген. Оның 14-і ішімдіктің салдарынан туындаған. "Шақырулар саны күн санап арта түсуде. Кеше 453 қала тұрғыны жедел жәрдем шақырған. Сонымен бірге, уланулар саны да өсіп келеді. Адамдар апталап ішіп, соңында, бастарының ауырғандарына, жүректерінің айнығанына шағымданады. Кейбір жағдайларда сіңір тартылып қалып жатады", - деді дәрігерлер.

Сонымен қатар, жедел жәрдем станциясынан екі адамның сірке қышқылынан уланғанын хабарлады. "81 жастағы қарт өзін-өзі жалғыздықтан өлтірмек болса, 24 жастағы бойжеткен махаббаттың "уынан" өмірмен қош айтысуды жөн санаған", - деп түсіндірді медицина қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны