29.08.2007, 15:40 3196

Семейде ядролық полигонның жабылу мерейтойына орай Жапонияның мәдениет күні атап өтілді

Семейде ядролық полигонның жабылу мерейтойына орай Жапонияның мәдениет күні атап өтілді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. СЕМЕЙ. Семейде ядролық полигонның жабылу мерейтойына орай Жапонияның мәдениет күні атап өтілді.

Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, шараны адами ресурстарды дамыту жөніндегі қазақ-жапон орталығы ұйымдастырған.

Мұндай шара Семейде алғаш рет өткізіліп отыр. "Бұл шараның дәл бүгінгі күні өткізілуі кездейсоқ емес. Жапония Хиросима және Нагасаки қалаларында дәл осындай зілзаланы бастан өткерді. Сол себепті біз жыл сайын жазда арнаулы шара өткізіп, адамдарға осынау оқиғаларды еске алуға және сол арқылы болашақта оған жол бермеуге тырысуға мүмкіндік береміз", - деді орталықтың үйлестірушісі Ген Куно.

Шараның салтанатты бөлігінен кейін қала тұрғындары жапон мәдениетінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Атап айтсақ, жапон мәдениетінің өкілдері кимоно кию әдістерін көрсетіп, жапон тілі, каллиграфия мен оригами өнерінен кіріспе сабақ өткізді, шай құю дәстүрінің мәні туралы әңгімелеп, жапон шайының дәмін татып көруге мүмкіндік берді. Бұған қоса бағдарламаға Жапонияға арналған викторина қамтылып, Жапония туралы және ондағы танымал ғылыми жаңалықтарға арналған деректі фильм көрсетілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны