13.06.2008, 10:33 1206

Семейде қала күнін бір апта бойы тойламақ

Семейде қала күнін бір апта бойы тойламақ

Семей. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қала күнін бір апта бойы тойлайды. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында журналистерге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айтқазы Салтабаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

А. Салтабаевтың ақпаратына сүйенсек, мерекелік шаралар Семей қаласында маусымның 16 мен 21 аралығында өтеді.

"Негізгі шаралар 20 маусымда өтеді. Абай алаңында жергілікті ақындардың шығармашылық сағаты өтеді. Мұнда ақындарымыз қазақ, украин және еврей тілдерінде өлең оқитын болады. Оның барлығы да біздің қаламызға арналады. Сол күні қалада "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" бөлімшесін ашу жоспарланып отыр", - деді А. Салтабаев.

"Біз, әдетте, қала күнін күзде тойлайтынбыз. Енді қала күнін 21 маусымда тойлайтын болдық. Қалаға 290 жыл толып отыр. Алайда мен оның жасы әлдеқайда жоғары деп есептеймін", - деді баспасөз мәслихатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кусмиля Нурқасым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны