25.12.2008, 16:23 3135

Семейде қала құрылысының жаңа бас жоспары таныстырылды

Семейде қала құрылысының жаңа бас жоспары таныстырылды

Семей. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қала құрылысының жаңа бас жоспары таныстырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бас жоспар бүгін қалалық мәслихаттың депутаттарына таныстырылды. Оны жасаумен Алматының "Градо" ЖШС кәсіпорнының мамандары айналысқан. Жобаның бас сәулетшісі Ришад Ибрагимовтың айтуынша, "Семейдің қала құрылысының жаңа бас жоспары үш кезеңмен құрылған және ол 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды".

Жоспарға сәйкес, осы кезеңде шамамен 14 мың шаршы метр баспана салынады. Р. Ибрагимовтың айтуынша, тұрғын үйлерді көбінесе қаланың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде, сондай-ақ, "Холодный ключ", "Комсомольский", "Бобровка" және "Жарқын" ықшамаудандарында салу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны