26.01.2007, 12:40 3300

Семейде қалалық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді

СЕМЕЙ. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде №2 қалалық соттың жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
 
Ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған сот төрағасы Аманбай Алдияров, мекеме бұрындары ғимаратты жалға алып отырғандығын, бірақ өткен жылы әкімшілік сот үшін бұрынғы кеден ғимаратын бергендігін айтып өтті. Жақында осы ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. "Жөндеу жұмыстары үш айдан астам уақытқа созылды. Құрылысшыларға рақмет. Енді біздің сот барлық заманауи талаптарға сай",- деді А. Алдияров. 
 
Оның мәліметтеріне сүйенсек, соттың жаңа ғимаратында үш отырыс залы бар, олардың екеуі дыбыс және бейне жазбалар жүйесімен жабдықталған. Кеңсе барлық қажетті оргтехникалармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ Интернет және локальды желілеріне қосылған. 
 
Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылы Шығыс-Қазақстан облысының сотына 123 820 іс түскен, олардың 7375-і қылмыстық іс, 66 817-і әкімшілік істер. 
 
Сонымен қатар, өткен жылы облыстық сот 62 тұлғаның үстінен лауазымдық және сыбайлас жемқорлыққа қатысты 48 іс қараған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар саны 20,5 пайызға өскен. 
 
Сот ғимаратының ашылу салтанатына республиканың Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мами қатысып, әріптестерін құттықтай отырып, жұмыстарында табыс тіледі. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны