03.01.2008, 17:38 3096

Семейде қаланың бас жоспарын әзірлеудің екінші кезеңі аяқталды

Семейде қаланың бас жоспарын әзірлеудің екінші кезеңі аяқталды

Семей. 3-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қаланың бас жоспарын әзірлеудің екінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семей қала құрылысының бас жоспарын әзірлеу жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағының мүшесі А. Мәметов хабарлады.

А. Мәметовтың айтуынша, өткен жылы бас жоспарды әзірлеуге облыстық бюджеттен 130 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Құжаттармен жұмыс істеу үш кезеңге бөлінген, оның екеуі аяқталды. Құжаттың соңғы нұсқасы 2008 жылы жазда дайын болады.

А. Мәметовтың хабарлауынша, қазіргі уақытта қаланың 2030 жылға дейінгі құрылысының негізгі тұстары ашықталған.

"Жоспарға сәйкес көрсетілген кезеңдерде 9 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынатын болады. 2030 жылы Семейдің тұрғын үй қоры 14 мың шаршы метрді құрайды",- деді А. Мәметов.

Ол сондай-ақ бас жоспарда қала әуежайын басқа жерге көшіріп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы төрт көпір салу жоспарланған.

"Сонымен қатар, негізгі магистральдар, атап айтқанда Өскемен, Алматы тасжолдары мен солтүстік бағыттағы тасжолдар бойындағы қаланың шекарасын кеңейту жалғасатын болады. Семейдің маңында қосалқы айналма жолдар салу жоспарлануда. Қаланың өзі төрт ірі жоспарлы ауданға бөлінеді",- деді А. Мәметов.

А. Мәметовтың айтуынша, Семей құрылысының бас жоспары 1971 жылдан бері жаңартылмаған.

"Соңғы бас жоспар, әрине барлық экономикалық формациялар мен өзгерістерді қарастырмаған. Көптеген базарлар, көлік тұрақтары мен сауда үйлерінің салынуына себепші болған шағын және орта бизнестің қарқынды дамуы мен қайта құрудан кейін аталмыш бас жоспар өзінің өзектілігін жоғалтты, біз оны одан әрі жүзеге асыра алмадық",- деп қосты ол.

А. Мәметовтың айтуынша, Семейді салуда осы уақыттар бойы көптеген қателіктерге жол берілген. Атап айтқанда, Жаңа Семей аумағы мен оң жағалаудың жартысы көптеген заң бұзушылықпен салынған.

"Қаланың орталық көшелерін салуда өте үлкен олқылықтарға жол берілген, бұл әсіресе базарларға қатысты болып отыр. Олар бір біріне өте жақын орналасқан, оларды бұзуды ескерместен салу істі қиындата түсуде",- деп атап өтті қалалық сәулет және қала салу бөліміндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны