03.10.2007, 13:42 2686

Семейде қатты соққан жел электр желілерін зақымдады

Семейде қатты соққан жел электр желілерін зақымдады

Семей. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қатты соққан жел электр желілерін зақымдады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "ВК РЭК" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше соққан қатты жел салдарынан, компанияның диспетчерлік қызметіне қала тұрғындарынан электр желілерінің үзілгіндігіне байланысты 80-нен астам шағым түскен. "Және де желінің бос болмауынан кейбіреулер қоңырау шала алмай отыр. Қоңыраулар әлі де түсіп жатыр",- деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта апат салдарын жоюмен 8 бригада айналысуда. "Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар, екінші кезекте - көп қабатты үйлер, тек содан кейін ғана жекелеген жағдайлар қосылуда",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны