30.06.2010, 16:38 7612

Семейде қазақтың "Қара жорға" биін мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныстар айтылуда

Г. Жұматаеваның айтуынша, бүгін Астана күніне орай қалада өткен "Күмісмұрындық" мерекесі барысында 200 астам жастар "Қара жорға" биін билеген.

Семей. 30-маусым. Kazakhstan Today Семейде қазақтың "Қара жорға" биін мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсыныстар айтылуда. Бұл туралы "Ахау-Семей" қазақ мәдениет орталығының төрайымы Гүлжихан Жұматаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Г. Жұматаеваның айтуынша, бүгін Астана күніне орай қалада өткен "Күмісмұрындық" мерекесі барысында 200 астам жастар "Қара жорға" биін билеген.

"Мен білім беру бөліміне балалардың жаттығу жасауы үшін осы биді мектеп бағдарламасына енгізу туралы хат жолдауды ойлап отырмын. Ийтпесе, балалар үнемі қозғалыссыз отырады, бұл әннің әуенінің өзі адамға сергектік береді",- деп түсіндірді ол.

"Астана 12 жылдығын атап өтуде... Астана 13жасқа аяқ басуда, бұл "мүшел жас". Сондықтан да біз бұл жыл жеңіл өтсін деп осы мерекені тойлаудамыз",- деді Г. Жұматаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны