21.09.2007, 16:21 2830

Семейде қазан айында базарларды қала сыртына шығару жұмыстарының бірінші кезеңі басталады

Семейде қазан айында базарларды қала сыртына шығару жұмыстарының бірінші кезеңі басталады.

Семей. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қазан айында базарларды қала сыртына шығару жұмыстарының бірінші кезеңі басталады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей әкімінің орынбасары Серікқазы Оразалиев хабарлады.

Оның ақпаратына сүйенсек, бұл жұмыстар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің базарларды Өскемен және Семей қалаларының сыртына шығару жөніндегі қаулысына сәйкес жүргізілуде. "Өңір басшысы мұндай шешімді базарларға таяу жатқан аумақтарды қалпына келтіру үшін шығарып отыр, өйткені қазір олар тазалық талаптарына сай келмей, лық толып қалған. Атап айтсақ, базарлардың айналасында рұқсатсыз сауда-саттық жасалады, автокөліктерді қоятын тұрақ жоқ. Мәселен, өрт шыға қалса, бірде-бір өрт сөндіруші машина ол жерге жетпек түгілі, тіпті, базардың маңына таяп бара алмайды", - деді С. Оразалиев.

Оның хабарлауынша, қазір қаланың сыртында екі ірі базар салынып жатыр. Олар Өскемен және Алматы тас жолдарының бағытында орналасатын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны