23.12.2008, 15:05 2888

Семейде келер жылдың символы ретінде сарлықтарға мерекелік жем дайындап, вольерді безендірді

Семейде келер жылдың символы ретінде сарлықтарға мерекелік жем дайындап, вольерді безендірді

Семей. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Семейдің биологиялық орталығында келер жылдың символы ретінде сарлықтарға мерекелік жем дайындалып, вольерлер безендірілді. Бұл туралы биологиялық орталықтың биологиялық бөлімінің меңгерушісі Айгүл Құсатаева хабарлады.

"Жаңа жылдың символдары болатын жануарларды тамақтандырып, оларды жұмсарту - бізде ежелден келе жатқан дәстүр. Осы жолы сиыр жылының белгісі болған сарлықтар осындай құрметке ие болды", - деді А. Құсатаева.

Биологиялық орталықтың қызметкерлері жас табиғат қорғаушылармен бірлесіп сарлықтарға арнап жем-шөп пен қант дайындап, вольерлерді жаңа жылдық жылтырақтармен безендірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны