27.02.2007, 12:44 3246

Семейде көлік қозғалысы қалпына келтірілді

СЕМЕЙ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде күн райы жақсарып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Марат Дүкенов хабарлады.

Оның айтуынша, автожолдар бүгін таңертең сағат 6-да ашылған. "Бізге күн райы бұзылатындығы туралы ескерту берілген, бірақ, әзірге күн райы жақсарып, желдің күші қайтты, қазір оның жылдамдығы секундына 1-3 метрге жетеді",- деді М.Дүкенов.

Мектептерде бүгін сабақ тоқтатылған жоқ. Қатты көктайғақ қана жалғыз қиындық болып отыр. Осыған байланысты жарақаттанғандар саны көбейген. Қалалық жедел жәрдем ауруханасының жарақат жөніндегі дәрігері Сергей Сурковтың айтуынша, қазір жарақат бөлімі адамдарға лық толы. Күн сайын қол-аяғын сындырып алған 25-30 адам көмек сұрап келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны