Система Orphus

Семейде күннің күрт суытуына байланысты ұрпақ күтіп отырған бүркіттердің тағдыры зоологтарды алаңдатып отыр

21.04.2008, 18:44 2432

Семей. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семейде күннің күрт суытуына байланысты ұрпақ күтіп отырған бүркіттердің тағдыры зоологтарды алаңдатып отыр. Бұл туралы Семейдің облыстық балалар биологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Биоорталық қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, осыдан бір апта бұрын бүркіттер тұқымы ұя сала бастаған. Қазір жыртқыш құстар балапан күтіп отыр. "Біз жақсы болар деп үміттенеміз", - деді орталық мамандары.

Сондай-ақ, қызметкерлер жыртқыш құстар темір торда көбеймейтінін атап көрсетіп отыр. Ал бүркіттердің жөні тіптен бөлек. "Олар шынын айтқанда бізді таң қалдырып отыр. Тіпті ұяларын жерде салды. Идетте, жабайы табиғатта бүркіттер ұяларын ағаш, шың-құз, тауларда салатын еді", - деді биоорталық.

Қызметкерлердің мәліметтеріне сүйенсек, балалар биологиялық орталығында қазіргі уақытта 70 жануар өмір сүріп жатыр. Оның 16-сы Қызыл кітапқа енгізілген. Жоғалып бара жатқан түрлердің қатарына бүркіттер де жатқызылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны