11.04.2007, 17:35 3679

Семейде "Мейірімділік жасау" атты қайырымдылық марафоны барысында 2 миллионнан астам теңге жиналды

СЕМЕЙ. 11- сәуір. Kazakhstan Today. Семейде "Мейірімділік жасау" атты қайырымдылық марафоны барысында 2 миллионнан астам теңге жиналды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семейдің қалалық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен хабарлады.

Жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, марафон көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қорының бастамасымен өтуде. "Мейірімділік жасау" қайырымдылық марафоны аясында аймақтық қорға өз еркімен салым салу және де облыстың жұмыс істейтін тұрғындарының бір күндік жалақыларын аудару дәстүрге айналған. "Бұл қаржы кедейлілікті төмендету, микро несиелер арқылы жаңа жұмыс орындарын құру және де ахуалы төмен азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шараларын өткізу жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады",- деп түсіндірді қалалық бөлімдегілер.

Осы жылы "Мейірімділік жасау" марафоны 1-ақпанда басталған. Бүгінгі күнге дейін Семейдің мекемелері мен ұйымдарынан 2 млн 237 мың теңге бөлінді. Қайырымдылық іс-шарасы 26-сәуірге дейін жалғаспақ. "Дәл осы күні тікелей эфирде өтетін "Өскемен - Семей" атты екі сағаттық телекөпір барысында оның қорытындысы жасалынады",- деп атап өтті әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер.

2006 жылы "Мейірімділік жасау" марафоны барысында 16 млн 700 мың теңге жиналған болатын. Барлық қаржы кедей-кепшіктер үшін көмекке, оның басым бөлігі - ахуалы төмен азаматтарға микро несиелер беруге жұмсалған, бұл олардың өз істерін ашуға және де тұрақты кіріс көзін табуға көмегін тигізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны