17.11.2006, 10:14 3084

Семейде мемлекеттік бағдарлама аясында қайта жөндеуден өткен мешіт ашылды

СЕМЕЙ. 17 қараша . Kazakhstan Today. Семейде "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарынан кейін бір мұнаралы мешіт ашылды. Бұл жөнінде мешіттің имамы Нұрбек Нәзірұлы хабарлады.

Оның айтуынша, Семей Қазақстан бойынша "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында мешіттерді қалпына келтіре бастаған бірінші қала. Толықтай жөндеуден өткізу тізімінде "Татар өлкесі" ықшамауданында орналасқан аталған мешіт тұрған болатын.

Н. Нәзірұлының сөзіне қарағанда, 1910 жылы ашылған Алла үйі өткен ғасырдың 30 жылдары, белгілі саяси өзгерістерге байланысты жұмысын тоқтатқан. Кейін мешіт қоймаға , спортзалға, әскерге шақыру орнына айналған, тіпті жапон әскери тұтқындарының абақтысы да болған. Осы жылдың сәуір айында ғана әкімшіліктің бастамасымен мешітті Алла үйі ретінде пайдалану ұйғарылды. Алайда, қайтадан мешітті ашу үшін үлкен жөндеу жұмыстары қажет еді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 9 млн. теңге көлеміндегі қаражаттың арқасында бұл іс жүзеге асты. Қалпына келтіру үшін түрік үлгісінде мешіт тұрғызған қызылордалық мамандар шақырылды. Кеше сол мешіттің ашылу рәсімі өтті.

Семей қаласының бас имамы Тыныштыбек қажы Яхияұлы 2007 жылы Семейге Орталық және Тыныбай мешіттерін қалпына келтіру үшін 50 млн. теңге бөлінеді дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны