01.11.2006, 16:15 2686

Семейде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үй пайдалануға берілді

СЕМЕЙ. 1 қараша. Kazakhstan Today. Бүгін Семейде тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған 63 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа үй Цемпоселок ықшам ауданындағы Боранбай Би көшесінде бой көтерген.

"Мұндағы пәтерлер әлеуметтік қорғалатын азаматтарға арналған:мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне , көп балалы аналар мен Ауғанстан соғысының жауынгерлеріне, Чернобыль апатына қатысушыларға, бюджеттік саланың қызметкерлеріне , яғни кім тегін пәтер алуға құқылы болса, соларға беріледі",-деді қалалық құрылыс бөлімінің меңгерушісі Владимир Аюченко.

Бүгін 30-дан астам отбасына салтанатты түрде пәтер кілттері тапсырылды. "Басқалары жуық арада қоныстанады", дейді В.Аюченко.

В.Аюченконың айтуынша, "мұнда жарық, жылу, кәріз жүйесі бәрі іске қосылған. Тоқсаты пәтер иелері түгел қоныстанғаннан кейін жұмыс істей бастайды".

Сонымен қатар бөлім меңгерушісі мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несиеге салынған тағы төрт үйге қоныстандыру жуық арада жүзеге асырылады, дейді. Жалпы биылғы жылы 300 -ден астам пәтер пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны