25.09.2007, 18:34 2636

Семейде Мұхтар Иуезовтың 110 жылдық мерейтойын тойлауға дайындалуда

Семейде Мұхтар Иуезовтың 110 жылдық мерейтойын тойлауға дайындалуда.

Семей. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 24-28 қыркүйекте Мұхтар Иуезовтың 110 жасқа толуна орай мереке өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семей әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қалаға Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстан мен Қытайдың 50-ге жуық белгілі мәдениет қайраткерлері, атақты филологтар мен әдебиетшілері келеді деп күтілуде. Атап айтқанда, қазақ жазушысы, Иуезовтанушы Ибіш Кекілбаев, Қытайдың ғылым академиясының профессоры Жақып Мырзахан, М. Иуезовтың "Абай жолы" туындысын орыс тіліне аударған аудармашы Анатолий Ким, Кемеровск мемлекеттік мәдениет институты мен В. Шукшиннің атындағы Барнаул мемлекеттік педагогокалық университетінің доценттері келеді. Сонымен қатар, Мұхтар Иуезовтың мерейтойын тойлауға оның туыстары - ұлы Мұрат Иуезов пен қызы Мұғалима Иуезов келеді.

Семейде мерейтой шаралары аясында ғылыми-практикалық конференция өтеді. Қонақтар сондай-ақ кезінде жазушы оқыған М. Иуезов атындағы Семей педагогикалық колледжіне барып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Іс-шаралар бағдарламасы Абай атындағы театрдағы салтанатты жиналыстан кейін, М. Иуезов драмасы бойынша қойылған "Еңлік-Кебек" қойылымын тамашалаумен аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны