01.06.2007, 14:01 2924

Семейде мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының "Таланттар кемпірқосағы" атты аймақтық фестивалі басталды

СЕМЕЙ. 1-маусым. Kazakhstan Today. Семейде мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының "Таланттар кемпірқосағы" атты аймақтық фестивалі басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Полигон жаңғырығы" атты әйелдер федерациясынан хабарлады.

Фестивальді "Полигон жаңғырығы" әйелдер федерациясы қалалық әкімшіліктің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе ұйымдастырған. "Фестиваль осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Былтыр оған 160 мүгедек бала қатысса, биыл олардың саны 223-ке жетті",- дейді "Полигон жаңғырығы" әйелдер федерациясының жетекшісі Надежда Исанова. Оның айтуынша, биыл шараға "Бородулиха және Бесқарағай аудандық мүгедек балалар да атсалысып отыр".

Фестивальдің ашылуына Халықаралық әйелдердің дипломатиялық клубының мүшелері, Еуропалық комиссиясының өкілдері, Швейцария, Германия, Корея және Австрия өкілдері қатысты.

Фестиваль аясында қалада "Илем балалардың көзімен" атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі өткізіліп, өртке қарсы күрес қызметінің мұражайы мен биологиялық орталыққа саяхаттар ұйымдастырылады. Шара 8-маусымда үлкен концертпен аяқталып, онда фестиваль жеңімпаздары марапатталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны