03.03.2008, 14:00 3118

Семейде наурыздың аяғында халықаралық автовокзал ашылады

Семейде наурыздың аяғында халықаралық автовокзал ашылады

Семей. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде наурыздың аяғында халықаралық автовокзал ашылады. Бұл туралы Семейдің бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның ақпаратына сәйкес, қалада орталық базар маңындағы екі автовокзал бар, бірақ олардың біреуі де халықаралық талапқа сай келмейді. Сол себепті инвесторлардың есебінен Қаржаубайұлы көшесінің бойындағы 3-ші АТП ғимаратын жаңалауға шешім қабылданды. "Жаңа автовокзал барлық стандарттарға сай келеді, бұл жерден қала тұрғындары Ресейге де, Қытайға да қатынай алады", -деді сәулетші.

"Халықаралық автовокзалда 150 орынға есептелген күту залы, дәмхана мен қонақ үй қарастырылған. Алдағы уақытта қойма орындары бар үлкен терминал салу жоспарда бар", - деді Қ. Қоқиланов.

Халықаралық автовокзал наурыздың аяғында салтанатты түрде ашылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны