04.09.2007, 15:50 3129

Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сынып оқушысы бала тапты (нақтыланған нұсқа)

Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сыныпта оқитын жасөспірім қыз баласын шала тапты, деп хабарлайды қалалық жедел жәрдем ауруханасынан.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. СЕМЕЙ. Семейде өзінің аяғы ауыр екенін білмеген жоғары сыныпта оқитын жасөспірім қыз баласын шала тапты, деп хабарлайды қалалық жедел жәрдем ауруханасынан.

Дәрігерлердің айтуынша, 1 қыркүйекте "жедел жәрдем" тобы шақыру бойынша 16 жасар қызға келген. Ол өзінің іші қатты ауырып тұрғанын айтады. Оны қарап шыққан дәрігерлер қыздың 6 айлық аяғы ауыр екенін анықтады. "Оқушы қыз тіпті өзінің екіқабат екенін білмеген. Оның ата-аналары ауылда тұрады, ал өзі қалада туыстарының үйінде сабаққа баратын көрінеді", - дейді дәрігерлер.

Жасөспірім қыз жедел түрде перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сол жерде уақыты жетпей босанып, өлі қыз тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны