17.01.2007, 13:51 2996

Семейде полиция инспекторы бес адамды өрттен құтқарды

СЕМЕЙ. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде учаскелік полиция инспекторы бес адамды өрттен құтқарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт "343-ші квартал" ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйде шыққан. Түтін иісін сезген бірінші және екінші қабат тұрғындары көшеге шыққан. Ал қою түтінге байланысты жоғарғы қабаттардың тұрғындары пәтерлерінде қамалып қалған.

Оларды өрттен құтқаруға оқиға орнына кездейсоқ келіп қалған Ержан Түсіпов есімді учаскелік полиция инспекторы көмектескен. Тәртіп сақшысы жоғарғы қабатта тұратын тұрғындарды, соның ішінде бір баланы өрттен құтқаруға атсалысты. Жалпы 15 адам сыртқа шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тергеушілер өрттің шығуына тоқтың қысқаша тұйықталуы себеп болған деп санайды.

"Мен өз әрекетімді ерлікке баламаймын. Менің орнымда басқа біреу болса да көмекке ұмтылар еді. Мен балалардың жылаған үнін естідім. Бәріміздің де балаларымыз бар. Сол себепті мен ойланып жатпастан көмекке ұмтылдым",- дейді Е.Түсіпов.

Өрт ауыздықталғаннан кейін үй тұрғындары қалалық ІІБ-ына алғыс хат жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны