15.10.2007, 16:20 3758

Семейде салық комитеті ашық есік апталығын өткізуде

Семейде салық комитеті ашық есік апталығын өткізуде.

Семей. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінде Семейдің салық комитеті ашық есік апталығын өткізуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетінің салық әкімшілігі басқармасының бастығы Мәрия Бұлғынова хабарлады.

Оның айтуынша, іс-шара Семейдің салық қызметтері органдарының көрсетіп отырған қызметінің сапасын көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

Ашық есік апталығы 15-қазаннан 22-қазанға дейін жалғасады. Оның аясында қызмет көрсету регламенттелген кітапшалар таратылып, салық төлеушілерге арналған семинарлар өтеді. Сонымен қатар, салық төлеушілерге сауалнама жүргізу және мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылатын консультациялық кеңестің отырысы жоспарланған. Мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімшілдікті жақсарту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар, шағымдар мен пікірлер қабылдауға қатысты жұмыстар ұйымдастырылған. Салық төлеушілер өз тілектерін салық комитетінің залына орнатылған арнайы жәшікке қалдыра алады.

Сондай-ақ, апталық аясында "ақпараттық терезе" жұмыс істейді. "Салық комитетінің тәжірибелі қызметкерлері салық қызметін көрсету тәртібіне, салық заңнамасына түсініктеме беретін болады",- деп түсіндірді М. Бұлғынова.

"Аталмыш шараның соңғы қорытындысы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеп, енгізу болуға тиіс. Олардың сапасының түбегейлі артуы Қазақстанның дүниежүзінің бәскелестікке қабілетті елдердің қатарына кіруін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады",- деп атап көрсетті М. Бұлғынова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны