02.05.2018, 20:36 3215

Семейде шығарылған жаӊа автобустар қала қозғалысына қосылды

ШҚО үлкен қалаларындағы басты мәселе - ешбір талапқа сай келмейтін ескі автобустар. Тасымалдаушыларға желілердегі көліктерді жаӊарту туралы тапсырмалар қойылды.

Өскемен. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Семейде белсенді түрде қоғамдық көліктер жаӊартылуда. Енді қалалық бағдарда тегін WiFi бар, Евро-5 стандартына сай келетін автобустар жүреді.

1-мамыр, Қазақстан халқы бірлігі күні Семейдіӊ орталық алаӊында осы қалада шығарылған жергілікті жаӊа әрі жайлы автобустар сап түзеді. Қоғамдық автобустардыӊ жаӊаруын семейліктер ұзақ күтті. Былтыр аймақ басшысы қоғамдық көлікке өзі отырып, жүріп қайтқан соӊ ғана іс орнынан алға жылжыған еді. 9 ай ішінде Семей әкімдігі оӊтайландыру жүргізіп, 39 бағыт бойынша жаӊа бағдар кестесін жасады.

- Облыс әкімі Даниал Ахметовтіӊ тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап автобус желілерін оӊтайландыру бойынша үлкен жұмыс жүргіздік. Тасымалдаушылармен өзара пікір алмасу болды. Бүгінде біз сүйеніп отырған басты талап - жолаушылар қауіпсіздігі. Өткен жылы жаӊадан ашылған "Семей" автобус паркі орта санатты 20 автобус сатып алған. Биыл олардыӊ қатары жоғары санатты 15 автобусқа толықты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, - деді Семей әкімі Ермак Сәлімов.

ШҚО үлкен қалаларындағы басты мәселе - ешбір талапқа сай келмейтін ескі автобустар. Тасымалдаушыларға желілердегі көліктерді жаӊарту туралы тапсырмалар қойылды. Бұдан бөлек, Семейде газельдерді, яғни, аса кіші санаттағы көліктерді бағдардан алып тастау туралы шешім қабылданды. Изірге бір ғана қысқа бағыт - "Жаӊа құрылыс пен 18-қосалқы станса" арасында қатынайды. Икімдікте бұл шешімді қабыладуға аса кіші санаттағы автобустардыӊ жол ережесін сақтамайтындығы себеп болды деп түсіндірді. Қалай дегенмен, газельде жолаушыныӊ тұрып қатынауына рұқсат жоқ.

- Сондықтан Семейдіӊ көлік құрастыратын зауыты біздіӊ өтініш бойынша автобустарды шығаруға дайындалып жатыр. Тасымалдаушылар орта және жоғары санаттағы жаӊа автобустар алу туралы келіссөздер жүргізуде. Мәселен, "Таксомоторлы парк" ЖШС жаӊа автобус алу туралы келісім жасауда. Ол үшін несие беру жүйесі де қарастырылған. Күн талабына сай болу керек, одан басқа жол жоқ. Қозғалыс құралын жаӊартпай, жолаушылар тасымалдау нарығында еш компания жүре алмайды, - деді Ермак Сәлімов.

Евро-5 стандартындағы жаӊа автобустардыӊ барлығы тегін WiFi-мен қамтылған, GPS-навигаторы да бар. Ол арқылы қозғалысты бақылауға болады. Сондай-ақ, автобустыӊ орны мен аялдамалар туралы ақпарат беретін автохабарландырушылар орнату жоспарда тұр. Семейде алдағы таӊда электрондық билет мәселесі де шешіледі деп күтілуде.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны