18.07.2007, 14:45 2602

Семейде су қамтамасыздығына қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр; тағы бір ықшамауданда насосты станциялар үзілді

СЕМЕЙ. 18 шілде. Kazakhstan Today. Семейде су қамтамасыздығына қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр; тағы бір ықшамауданда насосты станциялар үзілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Еске сала кетейік, 9 шілдеде "Шығысэнерготрейд" ЖШС "Семейводоканал" кәсіпорнына электр қуатын беруге шектеу жариялады, оған себеп кәсіпорын энергетиктерге 75 млн теңге көлемінде берешек болып қалған. ""Семейводоканал" тарапынан бүгінге дейін ешбір шара қолданылған жоқ. Олар қаржы жоқтығын алға артуда, өз кезегінде "Теплокоммунэнерго" ҚКК олармен есеп айырыспай отыр, - деп хабарлайды "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі.

Шектеу салдарынан 9 шілдеден бері қаланың орталық бөлігінде көп қабатты үйлерді сумен қамтамасыз етіп отырған 13 насосты станция тоқсыз отыр. Сонымен бірге 17 шілдеден бері "Шығысэнерготрейд" ЖШС қаланың Затон ауданында тағы да үш станцияға тоқ жібермей тастады. "Егер таяу уақыттарда берешекті өтеуге қандайбір әрекет жасалмаса, біз сол жақ жағалаудағы 20-дан астам су айдағыштарды тоқтан ажыратып тастауды жоспарлап отырмыз" , - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Семей қалалық әкімшілігінің жанындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ибішевтің хабарлауынша, қазір мәселе облыстық деңгейде шешіліп жатыр. "Облыстық бюджеттен 30 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөлуге келіскен сыңайлы. Бұл шешімщі облыстық мәслихаттың сессиясында бекітуге тиіс, сол себепті мәселе түбегейлі шешілген жоқ", - деді Б. Ибішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны