07.04.2009, 15:01 3038

Семейде сүңгуірлер Ертіс өзенінде мұз астына батып кеткен жасөспірімді құтқарып қалды

Семейде сүңгуірлер Ертіс өзенінде мұз астына батып кеткен жасөспірімді құтқарып қалды

Семей. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семейде сүңгуірлер Ертіс өзенінде мұз астына батып кеткен 13 жасар жасөспірімді құтқарып қалды. Бұл туралы бүгін Семейдің судан құтқару қызметі басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оқыс оқиға өткен сенбіде ескі көпір маңындағы ауданда болған. Төрт жасөспірім төте жолмен жету үшін өзенді кесіп өтпек болған. Сол кезде мұз жарылып, бір бала мұздың астына батып кеткен. Жасөспірімдер бірден судан құтқару қызметіне телефон соққан, соның арқасында жасөспірімді құтқарып алуға мүмкіндік туды.

"Жасөспірім мұздың кесегіне жармасып, көмек күтудің арқасында тірі қалды", - дейді құтқару қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны