16.01.2008, 18:01 3430

Семейде тұмаумен ауырғандар тіркеле бастады

Семейде тұмаумен ауырғандар тіркеле бастады

Семей. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде тұмау ауруына байланысты алғашқы оқиғалар тіркеле бастады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Семей бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Күләш Жұмагелдина хабарлады. Оның ақпаратына сүйенсек, Семейде бүгінгі күнге дейін тұмаумен ауырған 5 адам тіркелген. Олардың бірі 2 жасар бала, қалғандары ересектер. "Үш жағдайда "А3" типті вирус, қалған екі жағдайда "В" типті вирус анықталды", - деп хабарлады К. Жұмагелдина.

"Жалпы алғанда, қалада ОРВИ және тұмау ауруларымен ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалпында сақталуда", - деп атап көрсетті К. Жұмагелдина.

"Ир апта сайын Семейде шамамен тұмаумен ауыруға қатысты 1100 оқиғасы тіркеледі. Соған қарамастан, бақылау деңгейінен шығып кетуі тіркелмеген. Науқастар негізінен орта деңгейде өтуде. Науқастардың 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар", - деп хабарлады эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкері.

Қазан айының басынан 15-желтоқсанға дейін қалада ақылы негізде тұмауға қарсы 3650 адам егілген. Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 466 бала егілді. Олардың қатарында балалар үйінің жеткіншектері мен жиі ауыратын балалар бар.

К. Жұмагелдинаның хабарлауынша, қалада тұмаумен ауырған адамдарды емдеуге әрқайсысы 40 орындық екі стационар белгіленген. "Барлық емдеу мекемелерінде тұмаудың алдын алу шараларының шұғыл жоспары енгізілді. Балалар бақшасы мен мектептерде келмей қалған оқушылар бойынша күн сайын мониторинг жүргізілуде. Изірге, жабылуы тиіс мекемелер жоқ", - деді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

"Жасалған болжамға сәйкес, тұмау ауруының белең алатын кезі қаңтар айының аяғына - ақпан айының басына сәйкес келеді деп күтудеміз", - деп сөзін қорытты К. Жұмагелдина.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны