27.04.2016, 10:37 4013

Семейде түнде көлік апатынан 5 жолаушы қаза тапты

Семейде түнде "Рено-Сандеро" маркалы көлік жолдан төмен түсе бере, аударылып кетіп, алдын ала ақпарат бойынша, апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы біреуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді

Семей. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Семейде түнде "Рено-Сандеро" маркалы көлік жолдан төмен түсе бере, аударылып кетіп, алдын ала ақпарат бойынша, апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы біреуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жүргізуші рульді басқара алмай, жолдан шығып кеткен, - деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметініӊ басшысы Бақытжан Торғаев. - Апат кешкі 21 және 22 сағаттар аралығында Гагарин-Шугаев көшелерініӊ қиылысында орын алған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Апат фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Сот алды тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны