21.01.2016, 17:23 4277

Семейде тұрғын үйлер су астында қалуы мүмкін

Ертіс суыныӊ күрт көтерілуінен Семейдегі үйлер су астында қалуы мүмкін

Семей. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ертіс суыныӊ күрт көтерілуінен Семейдегі үйлер су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қауіпті аймаққа Восточный кентініӊ 13 баспанаcы еніп отыр. Сол себепті де тәулік бойы бақылау жүргізетін бекеттер ұйымдастырылды. Өткен түнніӊ өзінде өзен суы 1 метр 60 сантиметрге көтерілген. Қазіргі уақытта мамандар жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, эвакуацияға дайын болуларын ескертуде. Сондай-ақ Бірлік, Қатонқарағай аудандарында 100 шақты үйді қызыл су шайып кету қаупі бар, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Димитрий Гариков, Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары:

- Бұл, әрине, табиғи құбылыс. Күн жылы болғандықтан өзен беті қатып үлгермеді. Қазіргі уақытта су басу қаупі туындап отырған аулаларға техникалар инертті материалдарды жеткізбекші. Жағдай ушығып, су арнасынан асатын болған жағдайда шағын болса да бекеттер жасау мүмкіндігі болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны