24.08.2006, 09:26 2625

Семейде заңсыз еңбек етіп жүрген 236 шетел азаматы заңдастырылды

СЕМЕЙ . 24 тамыз. Kazakhstan Today. Семейде үш аптаның ішінде осы аймақтағы нысандарда заңсыз еңбек етіп жүрген 236 шетел азаматы заңдастырылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Мұратбек Ыбыраев хабарлады.

"Заңдастыру науқаны басталғаннан бері 236 шетел азаматы тіркеуге алынды, олардың 148-і өзбек , 33-і қырғыз, 27-і тәжік, 20-сы ресейліктер , сондай -ақ Изірбайжан, Армения, және Грузия азаматтары да бар", дейді М.Ыбыраев.

Оның айтуынша, заңсыз еңбек етіп жүрген шетел азаматтары негізінен Семейдегі құрылыс алаңдарында және қала базарларында жұмыс істейді, оған қоса, келімсектердің көпшілігі мейрамхана және мейманханаларда қызмет етеді.

М.Ыбыраевтың айтуынша, жұмыс берушілердің басым бөлігі ақпараттан толық құлағдар болмағандықтан еңбек етушілерді заңдастыру мүмкіндігін пайдаланып қалуға ықтияр емес. "Мемлекет осындай мүмкіндік берген кезде шетелден келіп еңбек етіп жүргендерді міндетті түрде заңдастыру қажет. Заңдастыруда ешқандай қиындық жоқ, бәрі қолайлы , ең бастысы жүзеге асыруға ниет болса болғаны",- дейді М.Ыбыраев.

Осыған дейін айтылғандай, елде заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттарды бір реттік заңдастыру науқаны 1-тамызда басталды, акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл шара 2006 жылы 4 шілдеде қабылданған "Заңсыз еңбек етушілерді заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау жөніндегі" заңды жүзеге асыру аясында өткізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны