13.04.2007, 16:27 3632

Семейде заңсыз жұмыс істеп отырған сауда дүңгіршектері алып тастала бастады

СЕМЕЙ. 13 - сәуір. Kazakhstan Today. Семейде заңсыз жұмыс істеп отырған сауда дүңгіршектері алып тастала бастады. Бұл туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің қалалық азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы Қажымұрат Турдунов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Семейде бүгінде қараусыз немесе арнайы рұқсат беретін құжатсыз жұмыс істеп отырған 80-нен астам дүңгіршек бар. "Эстетикалық түр-сипаты сын көтермейтін, көптеген тозған дүңгіршектер бар, сондықтан да онда сатылып жатқан тауарлардың қандай сапада екендігі белгісіз, оларда ешқандай құжат жоқ. Сатушылардың санитарлық кітапшалары, дүңгіршекті қоюға рұқсат беретін құжаттары мүлдем жоқ, сонымен қатар, сауда бөлімімен, СЭС пен өрт сөндіру қызметімен келісім жасалған сәулет мекемесінің ордері де жоқ",- деп түсіндірді.

Ол Семейдегі сауда дүңгіршектерінің іс-қызметін реттуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар аясында заң бұзған дүңгіршектерді әшкерелеуге қатысты алдын-ала рейд жүргізілгендігін хабарлады. "Біз бүгін оларды алып тастау жұмыстарын бастадық. Дүңгіршектер арнайы автобазаға әкелінді, олар иелері қажетті барлық құжаттарды әкеліп көрсеткенше аталмыш автобазада болады. Сонымен қатар олар дүңгіршектердің арнайы автобаза аумағына әкелгені үшін де ақы төлейді",- деді Қ. Турдунов. Сондай-ақ, дүңгіршектердің иелері айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылады.

Қ. Турдуновтың ақпараттарына сүйенсек, бүгін Семейде 7 дүңгіршек алынады, олардың көбісі қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Жұмыстарында заң бұзушылықтар табылған барлық дүңгіршектерді сәуірдің аяғына дейін алып тастау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны