04.03.2008, 18:11 3094

Семейде "Зеленстрой" кәсіпорнының жұмысы қайта жанданды

Семейде "Зеленстрой" кәсіпорнының жұмысы қайта жанданды

Семей. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қаланы жасылдандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы Семей әкімінің орынбасары Серікқазы Оразәлиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қалада 10 жылдай бұрын таратылған "Зеленстрой" кәсіпорнының жұмысы қайта жанданды. Енді қаланы жасылдандыру жұмыстары бұрынғыдан гөрі жоспарлы және нәтижелі болмақ. Кәсіпорын қызметкерлері жұмысты бастап та жіберді - Бозтаев көшесінің бойында 100 ағаш отырғызылды", - деді С. Оразәлиев.

Ол енді егу жұмыстары бұрынғыдан өзгеше болатынын атап өтті. "Біз қарапайым дәстүрден бас тартып отырмыз. Егер бұрын тиімділігі төмен, биіктігі бір метрден аспайтын ағаштарды отырғызсақ, енді 2,5 - 3 метр биіктіктегі ағаштарды отырғызатын боламыз. Оның тамырымен топырағы да бірге болады. Сондықтан, олардың 99 пайызы бейімделіп кететіні күдік тудырмайды", - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.

Ол 2008 жылы барлығы 3 мыңдай ағаш - терек, қайың, шырша отырғызылатынын хабарлады. "Қандай көшелерде отырғызатынымыз белгілі. Уәкілетті органдармен уағдаластық. Енді наурыз айының ішінде осы жұмыстарды аяқтауымыз керек", - деп сөзін қорытындылады С. Оразәлиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны