21.01.2011, 16:40 4105

Семейде жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Шығыс Қзақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Семей қалалық мәслихатының мәжілісінде Айбек Мүталапханұлы Кәрімов қаланың жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Шығыс Қзақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен Семей қалалық мәслихатының мәжілісінде Айбек Мүталапханұлы Кәрімов қаланың жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Айбек Мүталапханұлы бұған дейін Шемонаиха ауданының әкімі болған. Ол 1959 жылы туған, білімі жоғары, Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Айбек Мүталапханұлы Семей облысы Ақсуат ауданының Ерназар ауылында туған. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай, Аягөз аудандарының әкімі қызметін атқарған.

Бердібек Сапарбаевтың шешімі бойынша, Семейдің бұрынғы әкімі Мейрамхат Айнабеков облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысның әкімі Бердібек Сапарбаевқа жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындау бойынша жұмысты тиісті ұйымдастырмағаны, жылу көздері жұмыстарына қажетті бақылаудың болмау мен апаттық жағдайда шаралар қабылдамағаны үшін Семей қаласының әкімі Айнабековты қызметтен босатуды тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны