29.03.2007, 14:44 3112

Семейде Жапония үкіметінің шамамен 9 млн теңге көлеміндегі грантына қарағай көшеттерін өсіретін жылыжай салынды

СЕМЕЙ. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде Жапония үкіметінің шамамен 9 млн теңге көлеміндегі грантына қарағай көшеттерін өсіретін жылыжай салынды. Бұл жөнінде грантты жеңіп алған "Исток" ҚҰ жетекшісі Людмила Михайлова хабарлады.

Л.Михайлованың айтуынша, Қазақстандағы резерваттардың ешбірінде мұндай жылыжай жоқ. Мұнда алғаш рет жабық тамыр жүйсімен отырғызатын материалды өсіру техникасын қолданады , жылыжайда оған қажетті жағдай жасалған.

Жобаның басты ерекшелігі , оған оқушылардың жұмылдырылғаны, дейді Л.Михайлова. "Біз балалармен бірнеше жылдан бері орманшыларға бұрынғы өртенген жерлерде жұмыс істеп көмектесеміз-жерді егіске дайындаймыз, тұқымды ағаштар отырғызылған жерді қайта қазамыз", дейді Л.Михайлова. Оның айтуынша, "ендігі жерде олар жылыжайға жәрдем беретін болады , балаларға орман тұқымы стансасының мамандары сабақ үйретеді".

Л.Михайлова Семейде соңғы жылдары балалардың экологиялық білім беру құрылымдарының қайта жандана бастағанын атап өтті. Қалада жастар арасында белсенді түрде экологиялық тәрбиені насихаттап жүрген үш мектеп орман шаруашылығы жұмыс істейді, деп хабарлады "Исток" ҚҰ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны