10.04.2007, 19:15 3874

Семейде жарнама тақтайшаларындағы грамматикалық қателерді түзету жөніндегі іс-шаралар басталды

СЕМЕЙ. 10 - сәуір. Kazakhstan Today. Семейде жарнама тақтайшаларындағы грамматикалық қателерді түзету жөніндегі іс-шаралар басталды. Бұл туралы журналистерге Семей әкімшілігінің жанындағы тілді дамыту және мәдениет бөлімінің ішкі бөлімшесінің бастығы Зәкия Қонысбаева хабарлады.

"Егер билбордтағы мәтінде грамматикалық қате болса немесе жарнама тақтайшасында арақ-шарап өнімдері мен темекінің жасырын жарнамасы тұрса, онда ол алынып тасталады",- деп түсіндірді іс-шараның мақсатын З. Қонысбаева.

"Мен қала тұрғындарынан орыс немесе қазақ тіліндегі көрінеу ақпараттағы қатені көргенде селқостық танытпай, қайткенде назар аударып, біздің бөлімге қоңырау шалып, хабарлауларын сұраймын. Біз оларды түзетеміз немесе жарнама берушіден мәтінді өзгертуін сұраймыз",- деп қорытындылады Зәкия Қонысбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны