17.08.2006, 15:09 3061

Семейде жеке меншік бақшалардың бірінде салмағы бес килограмдық саңырауқұлақ өсіп шықты

СЕМЕЙ. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Семейде жеке меншік бақшалардың бірінде салмағы бес килограмдық саңырауқұлақ өсіп шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бақшаның қожайыны Сәуле Қасенованың айтуынша, саңырауқұлақтың диаметрі 102 см, ал салмағы 5 килограмм 300 грамм болып шыққан. Ол мұндай мутациялық құбылысқа Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардабы себеп деп пайымдайды. Алайда, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші проректоры, биология ғылымдарының докторы Михаил Паниннің пікірінше, мұндай алып саңырауқұлақтың өсуіне тыңайтқыштар мен қоршаған ортаның ластануы әсер еткен болуы ықтимал.

Ғалым саңырауқұлақтың бұл түрін тағамға пайдалануға болатынын, бірақ осы жолғы алыпты жеудің қажеті жоқ екенін ескертті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны