26.03.2015, 17:39 4291

Семейде жекеменшік үйден өрт шықты

Өрт сақшылары келгенге дейін 36 жастағы ана сәбиін алып, үйден шығуға үлгерген. Ол көршілеріне барған. Ана мен сәбидіӊ жүздері қатты күйікке ұшырады

Семей. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Семейде Пестель көшесініӊ бойындағы жеке үйден шыққан өрт салдарынан ана мен сәбиі I және II дәрежелі термикалық күйікке шалдыққан, деп хабарлады ШҚО ТЖД, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өрт сақшылары келгенге дейін 36 жастағы ана сәбиін алып, үйден шығуға үлгерген. Ол көршілеріне барған. Ана мен сәбидіӊ жүздері қатты күйікке ұшырады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондай-ақ 12 және 14 жастағы екі жасөспірімге иіс тиіп, олар Көкпекті ауданы Самарское ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Оттыӊ шығуына пештен шыққан ақау себеп болған. Қазір балалардыӊ жағдайы тұрақты, деп атап өтті ШҚО ТЖД.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны