24.08.2011, 11:35 3177

Семейде жергілікті тұрғын граната тауып алды

Төтенше жағдайды жоюға жедел іс-әрекет ету қызметінің адамдары, соның ішінде ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Астана. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Семейде жергілікті тұрғын граната тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Семей қаласында, Ертістің сол жағалауында аспалы көпір астынан жергілікті тұрғын гранатаға ұқсақ зат тауып алған.

Төтенше жағдайды жоюға жедел іс-әрекет ету қызметінің адамдары, соның ішінде ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Арнайы іс-шаралар барысында табылған зат РГД-5 әскери гранатасы екені анықталды. Оны ҚР Қоғаныс министрлігінің саперлері жою үшін тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны