10.12.2007, 11:18 1685

Семейде жыл басына бері есірткіге қатысты шамамен 150 қылмыс тіркелді

Семейде жыл басына бері есірткіге қатысты шамамен 150 қылмыс тіркелді

Семей. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жыл басына бері есірткіге қатысты шамамен 150 қылмыс тіркелді. Бұл туралы сенбі күні есірткі саудасымен күрес бөлімі мәлім етті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, 2007 жылдың 11 айында қалада есірткі заттарының айналысы және оны сақтауға байланысты 145 қылмыс тіркелген. "42,5 кг есірткі тәркіленді. Оның 2 кг героин, қалған 40 кг марихуана", - деп түсіндірді полиция қызметкерлері.

"Мысалы, жақында "Новостройка" ықшамауданының маңында есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам тұтқындалды. Тексеріс барысында одан аса ірі болып есептелетін 10 грамм героин тәркіленді. Оның әр грамының қара базардағы құны 3,5 мың теңге", - деді есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері.

Қамауға алынған тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 259 бабы (есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сату, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны