24.06.2008, 09:51 1449

Семейде жылу маусымына дайындық жоспар бойынша өтуде

Семейде жылу маусымына дайындық жоспар бойынша өтуде

Семей. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жылу маусымына дайындық жоспар бойынша өтуде. Бұл туралы Семейдің жылумен қамтамасыз ету нысандарының алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері жөніндегі жиналыс барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ол Семейдің қазіргі жылу көздері мен жылу желілерін биылғы жылу маусымына дайындау үшін былтыр жеті нысанда басталған жұмыстарды аяқтау үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Сонымен қатар, жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 500 млн теңге аударылған. "Нысандардағы жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді И. Бергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны