23.07.2008, 17:05 2829

Семейде жол полициясының қызметкерлері электр қуатын пайдалану ережесін бұзған

Семейде жол полициясының қызметкерлері электр қуатын пайдалану ережесін бұзған

Семей. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жол полициясының қызметкерлері электр қуатын пайдалану ережесін бұзған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығыс Қазақстан энергетика таратушы желілік компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Электр қуатын пайдалану ережесінің бұзылу оқиғасы Павлодар бағытындағы тас жолда орналасқан жол полициясының бекетінде анықталған. Атап айтқанда, электр қуатын есептеу құралында пломба болмаған. Оның үстіне есептеу құралын қуат таратушы компаниямен келіспестен өз беттерімен ауыстырған. Сондай-ақ, осы нысанда орналасқан электр қуаты соңғы үш жылда төленбеген, деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны