07.09.2006, 16:19 3164

Семейде жолаушылар тасымалдайтын көліктерде жол ақысы қымбаттайды

СЕМЕЙ . 7 қыркүйек . Kazakhstan Today. Семейде 9 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктерде жол ақысы көтеріледі . Бұл жөнінде журналистерге Семей қалалық жолаушы тасымалын басқару орталығының директоры Мұрат Дәулетов хабарлады.

9 қыркүйектен бастап автобустарда жол ақысы 20 теңгеден 25 теңгеге, ал бағдарлы таксилерде 30 теңгеден 35 теңгеге қымбаттайды.

Жолаушы тасымалын басқару орталығы директорының айтуынша, жол жүру бағасын 5 теңгеге көтеру туралы шешім тасымалдаушы мекеме басшыларымен өткен жиында қабылданды. "Бұрынғы тариф бойынша жұмыс істеу мүмкін емес екеніне бәрінің көзі жетті, егер біз жол ақысын көтермесек автобустардың қозғалысын құрдымға кетіреміз",-деді М.Дәулетов. "Бүгінде жанар -жағармай бағасы шарықтап кетті, қосалқы бөлшектер қымбат, жолдар жүруге жарамсыз. Жүргізуші көлігін жөндеп жолға шыққанымен, тозығы жеткен жолдардан көлігі екі үш күннің ішінде қайтадан тоқтап қалады. Сондықтанда жол ақысын 5 теңгеге көтерсек, жүргізушілерге ең болмағанда жөндеу жұмыстарын жүргізуге жеңіл болады",-деп атап өтті орталық директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны