09.01.2007, 14:21 3262

Семейде жұқпалы гепатит ауруының таралуының алдын алу мақсатында оқушыларды медициналық тексеруден өткізу шарасы басталды

СЕМЕЙ . 9 қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде гепатиттің А түрінің таралмауы үшін қала мектептерінде оқушыларды медициналық тексеруден өткізу басталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Төлеухан Нұрмағамбетов хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, балаларды тексеру бүгіннен басталды, себебі бүгін оқушылар қысқы демалыстан шықты. Оқушыларды қалалық отбасылық емдеу мекемелерінің дәрігерлері тексеруде. "Олар балалардың бәрін түгелдей тексереді, егер А гепатитіне күдік туатын болса, диагнозын анықтау үшін сабақтан босатады",-деді Т.Нұрмағамбетов.

Оқушылардың бәрін медициналық тексеруден өткізу шарасы бір аптаға созылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны