11.07.2007, 17:25 2814

Семейдегі көп қабатты 14 үйдің тұрғындары осымен алтыншы күн сусыз отыр

СЕМЕЙ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Семейдегі көп қабатты 14 үйдің тұрғындары осымен алтыншы күн сусыз отыр. Бұл туралы журналистерге "Семейводоканал" ҚКК бас инженері Владимир Гребельной хабарлады.

Оның айтуынша, "Шығысэнерготрейд" энергетикалық компаниясы "Семейводоканал" кәсіпорнына электр қуатын шектеулі көлемде беруге шешім қабылдауына байланысты. Соның салдарынан көп қабатты үйлерді сумен қамтамасыз етуші 7 су айдағыш жарықсыз қалған. Сөйтіп, қазіргі жағдаймен қала орталығындағы көп қабатты 14 үй алты күннен бері сусыз отыр.

"Шығысэнерготрейд" ЖШС-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания "Семейводоканал" ҚКК-ына энергетиктер алдындағы берешегіне байланысты тоқ жібермей тастаған. Қазіргі жағдаймен берешек көлемі 74,844 млн теңгеге жеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны