07.09.2006, 17:57 3363

Семейдегі түзету мекемесінде мешіт салынуда

СЕМЕЙ. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейде 156/14 түзету мекемесінің аумағында мешіт салынуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне абақты бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Болат Асылғазиев хабарлады.

Мешіт құрылысы былтыр басталған. Алайда, материал тапшылығына байланысты ғимарат құрылысы тоқтатылған болатын. "Қазір бүкіл материалдар мен кірпіштеріміз бар. Сол себепті құрылыс қайта жанданды. Ол жылдың аяғында аяқталады",- деді Б.Асылғазиев.

"Мешіт салу туралы бастама көтерген - жазасын өтеушілер, құрылысты салып жатқан да солар",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны