02.04.2018, 15:58 3871

Семейді су алу себебі анықталды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы уақтылы мониторинг жүргізбегенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, орта тәуліктік су жіберу мөлшерін көтеру мәселесі не облыстық, не қалалық әкімдікпен келісілмеген. Айта кету керек, аталған факт бойынша прокуратура тексере бастады

Өскемен. 2 сәуір. Kazakhstan Today - 28-наурыз күні Шүлбі су электр стансасында жіберілген су деӊгейі үш есеге, яғни, 501 м3-тан секундына 1800 м3-қа дейін көтерілген. Оныӊ салдарынан Семейдегі Түйемойнақ аралындағы 10 үйді су басты. Қазіргі таӊда тағы Бесқарағай ауданында 11 ауылдық округке қауіп төніп отыр.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы уақтылы мониторинг жүргізбегенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, орта тәуліктік су жіберу мөлшерін көтеру мәселесі не облыстық, не қалалық әкімдікпен келісілмеген. Айта кету керек, аталған факт бойынша прокуратура тексере бастады.

Аймақ басшысыныӊ төрағалығымен өткен жиналыста Ертіс бассейндік инспекциясыныӊ басшысы Қазымбек Баймағамбетов 28-інші наурыз күні су дағдарыстық деӊгейде жіберілгенін растады.

- Осы жерде айтылған сандар, расымен-ақ, біз істеген жұмыстыӊ нәтижесі. Мәселе 23-26-ншы наурыз аралығында ауа-райы қолайсыздық туғызып, арты жаӊбырға ұласқан қар жауған кейін туындады. Жан-жақтан келетін ағыстар көбейді. Шүлбі СЭС жоғары жағындағы көрсеткіш 239 74 жетті, - деді ол.

Даниал Ахметов үш есе артық көлемде су жіберу туралы шешімді жергілікті атқарушы органмен келісуді жөн көрмеген инспекция өз ісіне салғырт қараған деп баса айтты. Осылайша, жүздеген адамныӊ өміріне қауіп төндірген-ді.

- Үш тәулік бойы бізге түсініксіз жағдайда өте үлкен мөлшермен су жіберіліп жатыр. Егер наурыздыӊ бірі Шүлбі су қоймасындағы орта шығын секундына 501 м3 құраса, 20-наурызда секундына 661 м3-қа жетіп, орта есептен көтерілді. 25-наурызда су жіберу деӊгейі секундына 721 м3 құрады. Ал наурыздыӊ 27-нде секундына бірден 1127 м3 көтерілген, 28-нен бастап апаттық деӊгейдегі су жіберу фактісі тіркеліп, көрсеткіш секундына 1800 м3 жетті. Бұл ай көлемінде жоспарлы су жіберу жұмысы жүрмегендігін көрсетеді, - деп, мәлімдеді аймақ әкімі. - Су қоймасы таудыӊ етегінде орналасса, түсінер едім. Су ешқайда кетпей, сонда барып ағады деп. Бірақ, ол жазық аумақта орналасқан. Наурыздыӊ 11-нен екі күн бойы толассыз жаӊбыр жауып, күн райы жылынғанын білесіздер. Сол кезден бастап неге су жіберілмеді?!

Айта кету керек, әдетте дағдарыс деӊгейі 450 см құрайтын Семейдегі Ертіс өзенініӊ суы түнде еӊ жоғары - 525 сантиметрге жетті. Түйемойнақ аралындағы 192 адам эвакуацияланды. Олардыӊ 139-ы, оныӊ ішінде 40 бала қонақүйге орналастырылды. Үш уақыт тамақпен және барлық қажеттіліктермен қамтылды.

Бүгінде аталмыш факті бойынша және төтенше жағдай жарияланған аудандарда прокуратура тексеру жұмыстарын бастап кеткен. - Секундына 1800 м3 су жіберу туралы нақты факті, оныӊ салдары да бар. Біз түбегейлі аталған жағдайды тексеретін боламыз. Наурыздыӊ 7-сі күні қалалар мен аудандар әкімдерініӊ, өкілетті орган өкілдерініӊ қатысуымен жиналыс өткізіп, бүгінгідей жағдай болмас үшін қатаӊ бақылау мен талдауға алуды тапсырғанбыз. Прокуратура нақты, субъективті себептер мен адами фактордыӊ бар-жоғын анықтауды межеге алады. Қазіргі уақытта ТЖ болған аудандарда тексеру жүргізудеміз, - деді облыс прокуроры Құсайын Игембаев. Сондай-ақ, кешелі бері Бесқарағай ауданында күшейтілген режим енгізілген. Су кіру қаупі бар 11 елді мекен белгілі. Олар: Старая крепость, Стеклянка, Глуховка, Бірлік және Белокаменка. Аудандық әкімдік қызметкерлері үй-үйді аралап, эвакуация болған жағдайда жиналу орындары туралы хабар таратты. Тұрғындардыӊ малдарына уақытша пана беру үшін шаруа қожалықтар да қол ұшын созып, көмекке келуде.

Азаматтық қорғаныс пен ТЖ қызметтері әкімдердіӊ басшылығымен қауіпті аймақтарда жұмыс істеуде. Семейде арнайы комиссия құрылып, алғашқы толқынныӊ салдарын есептеуде.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны